Иманбек АЭС-ке барып, жаңа трегіне атом дыбысын жазды

Oinet.kz 02-12-2021 809

Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов (Imanbek) AtomSound музыкалық киножобасының аясында өзінің жаңа трегіне атом дыбысын жазу үшін Ресейдің Ленинград қаласындағы атом электр станциясына барды. Бұл туралы Gazeta.Ru-ға жобаның авторлары хабарлады.

image.png

- "Музыкалық продюсер ретінде мен үшін өз жұмысымның ғылыми, теориялық бөлігін түсіну маңызды. Көптеген музыканттар шабытпен жасайды, бірақ шабыттың артында ғылым - гармоника, акустика да бар. Шабыт та ғылымның бір түрі деп айтуға болады", - деді Иманбек.

Авторлар музыканың энергия тасымалдаушысы екенін дәлелдейтін деректі фильм жасайды. Атом дыбысын жазу идеясы қарапайым тезистен туды: дыбыс толқындары атомдардың реттелген тербелісі болып табылады. Көрермендер диджеймен бірге дұрыс дыбысты табу жолында жүріп, музыканттың  жұмысының түпкілікті нәтижесін ой елегінен өткізеді.

- "Олар айтқандай, кез келген жеткілікті дамыған технология сиқырдан ажыратылмайды. Біз бұл сиқырды фильмде зерттеуге тырысамыз. Елестетіп көріңіз: дыбыстың негізі атом болатын дыбыстардан трек жасаса қалай болатынын", - деді Грэмми жеңімпазы.

Трек пен фильмнің премьерасы 2022 жылға жоспарланған.

Назарбаев Горбачев пен Ельциннің арасындағы текетірес туралы айтты
«EXPO 2020 Dubai» көрмесінде Қазақстанның туы көтерілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу