Иманбек әкім ұсынған 2 миллион теңгеден бас тартып, қаражатты қайырымдылыққа аударды

Oinet.kz 19-03-2021 1508

Грэмми сыйлығын алған Иманбек Зейкеновті Ақсудағы жерлестері құттықтады.

Screenshot_4.jpg

Кездесу барысында Зейкенов өзінің туған жері Ақсудан кетуді жоспарламағанын атап өтті. Ол үйде музыкамен айналыспақ.

«Павлодар-онлайн» хабарлағандай, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың тапсырмасы бойынша Иманбекке музыкамен жақсы жұмыс жасауға арналған құрал-жабдық сатып алу үшін екі миллион теңге сыйға тартылды.

Алайда диджей мұндай сыйлықтан бас тартып, ақшаны қайырымдылыққа аударды. Ақсу қаласының қоғамдық кеңесі де ақшалай сыйлық табыстады.

"Қарапайым отбасынан шыққан жігіт, ақылды, ата-анасының тәрбиесін алған", - деді Ақсу қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов жас музыкантқа шапан жауып жатып.

"Шынында да, сізге көп қаражат салынды. Сіз ата-анаңыздың бар үмітін ақтадыңыз, керемет нәтиже көрсеттіңіз. Жастар сізге қарап, ғажайыптар жасауға болатындығын көрді", - деді әкім.

news_full16161614999e5778262fc21872216db7ad26d7c6ec.jpg

Айта кету керек, Ақсуда жас продюсердің бүкіл жанкүйерлер қоры қалыптасып үлгерді, олар диджеймен кездесуді армандайды.

15 наурызда қазақстандық танымал музыкант Иманбек Зейкенов (Иманбек) америкалық әнші SAINt JHN-дің "Roses" әніне жазған ремиксі үшін Грэмми сыйлығын алғаны белгілі болды.

Дереккөз: Stan.kz

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілерге күлше нан таратылды
«Күйеуің қатал болса көрер ем»: Жазира Байырбекова жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу