Жол апатынан көз жұмған жігіттің анасы Тоқаевтан көмек сұрады (видео)
Тараз қаласының тұрғыны мемлекет басшысына видео үндеу жасады. Гауһар Қапарбекованың айтуынша, оның 18 жастағы ұлын қала әкімдігінің қызметкері мінген көлік қағып кеткен.
Президентке үндеу жасаған келіншектің сөзінше, 23 қараша күні таңғы сағат алтыда Тараз қаласы әкімдігінің қызметкері мінген көлік оның 18 жастағы ұлын қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жігіт қаза тауып, ал оны қағып кеткен BMW жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті, дейді әйел.
- "Ол әлі бостандықта жүр. Президент мырза және халқым, сіздерден әкімшілік қызметкері әділ жазасын алып, істі жауып тастамас үшін өздеріңізден алдын ала көмек сұраймын. Істі әділ шешулеріңізді сұраймын", - деп өтінді Гаухар Қапарбекова.
Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы: абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы болған жерді тастап кету бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.