Жаңаталап елдімекеніне сапалы ауыз су берілді
Абай ауданына қарасты Жаңаталап елдімекенінде ауыз су мәселесі шешімін тапты. Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, аталған елдімекендегі ауыз сумен қамту нысанының құрылысы мердігер мекеме «СМКиЖ-7» тарапынан жүргізілген.
Бүгінге дейін нысанның құрылыс жұмыстар аяқталған. Қаладан шалғайда орналасқан елдімекенде барлығы 1700 үй бар. Қазіргі уақытта 1000 үйге су есептегіш құралдары орнатылып, тұрғындарға су беру жұмысы жүргізілуде.
Айта кетейік, биыл мегаполис тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында барлығы 14 нысанның құрылысы басталды. Жыл соңына дейін 9 елдімекендегі ауыз су мәселесі шешіліп, көрсеткіш 95,6% -дан 98 %-ға өсетін болады.