Гүлшара Әбдіқалықова жалақысы қанша екенін айтты
ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жалақысы қанша екенін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.
Облыс әкімінің сөзінше, биыл айлығы айтарлықтай өскен.
- Менің жалақым 986 мың теңге деп бекітілген. Биыл факторлық-балдық жүйе бойынша 1,9-ға арттыру туралы шешім қабылданды. Бірақ мен 2 жылдай еңбек демалысын алмағандықтан, бірден еңбек демалысын алдым. Қазір соңғы жалақым 986 мыңды 1,9-ға көбейтсек, шамамен 1,8 млн теңге, - дейді Гүлшара Әбдіқалықова.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жалақысы қанша екенін хабарлаған едік. Шенеунік айына шамамен 1 миллион 900 мың теңге (4400 доллар) алады. Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып 2019 жылдың 26 ақпанында тағайындалған. Әр жылдары ол экономика, ауыл шаруашылығы министрі, премьер-министрдің орынбасары болып, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен елорданы басқарған.