«Жартас-Антитеррор-2021» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілуде

Oinet.kz 11-11-2021 687

2021 жылдың 11 қарашасы күнінің алғашқы жартысында ҚР Антитерротеррористік орталығының бастамасымен антитерротеррористік іс-қимылдарға қарсы «Жартас-Антитеррор-2021» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілуде. 

image.png

 Іс-шараның мақсаты  терроризмге қарсы күрес жөніндегі Шымкент қалалық жедел штабы мүшелерінің, олардың жедел топтары мен арнайы бөлімшелерінің функционалдық міндеттерін орындаудағы, терроризм актілерінің жолын кесу барысындағы жағдайды бағалаудағы іс-жүзіндегі дағдылары мен шеберліктерін арттыру болып табылады.  

Жаттығулар әртүрлі күрделі тәсілдерді қолдана отырып, жауынгерлік жағдайларға барынша жақындатылған. «Жартас-Антитеррор-2021» оқу іс-шарасын өткізу барысында шектеу шаралары, оның ішінде автокөліктің қозғалысын шектеу де қарастырылған. 

Шымкент қаласының тұрғындарынан өткізіліп жатқан оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауларын сұраймыз.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін медициналық көмек
Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанның Кәсіподақтар федерациялары Орталық Азия елдерінің кәсіподақта
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу