Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Семей қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік аға инспекторы өрттің алдын алып, төрт баланын өмірін құтқарды
Оқыс оқиға кеше “Қарағайлы” тұрғын ауданындағы пәтерлердің бірінде болған.
- «Электр сымдарының қысқа тұйықталуы орын алды. Балалардың сыртынан есікті жауып кеткен екен. Мен бірден өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем шақырдым», – деді Динара Ғибадоллақызы.
Полицей өрт иісін сезіп, 3 қабатқа көтерілгенде балалардың жылап, көмекке шақырған дауыстарын естіген. Ол балаларға қауіп-қатердің төніп тұрғанын түсініп, дереу өртке қарсы қызметке қоңырау шалып, сондай-ақ жедел жәрдем бригадасын шақырған. Келіп жеткен өртке қарсы қызмет қызметкерлері есікті бұзып, пәтерден алты жас, төрт жас, екі жас, бес айлық балаларды алып шыққан.
Баллардың зардап шеккені анықталмады.