Жеңіліп көрмеген боксшы күтпеген жерден титулынан айырылды
Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет WBC international нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғай алмады, деп хабарлайды Oinet.kz.
Лондондағы York Hall аренасындағы бокс кешінде отандасымыз доминикандық Хуан Карлос Абреумен (23-6-1, 21 КО) кездесті. Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланған еді, алайда барлығы жетінші раундта шешілді. Абреу Құлахметті нокаутқа жіберді.
Бұл қазақстандықтың кәсіби рингтегі алғашқы жеңілісі. Осылайша, Тұрсынбай Құлахмет WBC белбеуінен айырылды. Ал Хуан Карлос Абреу мансабында 24-жеңіске қол жеткізіп, WBC International титулының жаңа чемпионы атанды.