Серік Сәпиев жаңа жұмыс орны туралы айтты (видео)
Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы қызметінен босатылған Серік Сәпиев Динара Сәтжанға берген эксклюзив сұхбатында жаңа жұмыс орнын атады, деп хабарлайды Oinet.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
- Ұлттық Олимпиада комитетінде жұмыс істеймін деп айта аламын - деді бокстан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы.
Ол комитетте қандай лауазымға тағайындалатынын нақты айтқан жоқ.
Халықаралық олимпиада комитетінде жұмыс істегіңіз келе ме деген сұраққа Сапиев "ойлануға болады" деп жауап берді.
- Ол туралы ойламадым. Бірақ жалпы алғанда, халықаралық ұйымда жұмыс істеу елдің мәртебесін, халықаралық ұйымда жұмыс істейтін адамның мәртебесін көтереді. Неге болмасын, ойлануға болады - деді ол.