Күйеуім үй жинап, тамақ істеп, мені ылғи мақтап отырады - Заида Жаңабаева

Oinet.kz 20-10-2021 1642

Нигериялық азаматқа қазақы салт-дәстүрге сай ұзатылып тұрмысқа шыққан құлсарылық Заида Жаңабаева жары туралы айтты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жариялады.

Screenshot_8.jpg

«Менің күйеуім мені бірінші жібермей, ешқандай есікке кірмеді (көлік, үй, ресторан, бөлме). Ол менің ауыр зат көтергенімен қарсы. Тіпті, кейде менің сумкамды да ұстайды. Өйткені, оған басқалардың не ойлайтыны бәрібір. (денелі ересек адамның әйелдер сумкасын ұстап алғанын елестетіңізші). Ол бәрін де байқайды. Жаңа шаш қыстырғыш сатып алсам да, шашымды өзгертсем де, маникюр жасасам да, ол бәрін көріп, мақтап отырады. 

Ол ас ішкен соң ешқашан столдан тұрып кетіп қалмайды. Столды жинастырып, ыдыстарды жуады. Кейде менің көмектесуіме де жол бермейді. Одан да қасында әңгіме айтып отырғанымды қалайды. Үйде менен жақсы жинайды. Мен тамақ дайындағанды жақсы көрем. Ол тамақ жегенде үнемі мақтап, рахмет айтып, сүймей кетпейді. Оның өзі де тамақты дәмді дайындайды. Осыған байланысты бізде айғай-ұрыс болып, ыдыс-аяқ сылдырлаған емес. Бізде мұндай жоқ», - деп жазды Зайда.

Еске сала кетейік, бұған дейін атыраулық Зайда Жаңабаеваның ұзату тойында айтқан сыңсу әні туралы жариялаған болатынбыз. Зайданың ұзатудағы әні көпшіліктің жүрегін елжіретті. 

Түркістан: Жекеменшік балабақшаларға Үкімет қолдауы қажет
Шымкентте демалыс күндері де вакцина салдыруға болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу