Cерік Сәпиев қызметінен босатылды

Oinet.kz 19-10-2021 1601

Танымал боксшы, Олимпиада чемионы Серік Сәпиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды. Бұл хабарды Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі растады. 

Screenshot_2.jpg

Комитеттің айтуынша, Серік Сәпиев өз еркімен жұмыстан кеткен. Айта кетейік, жазда өткен Токио Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшылар жоғары нәтиже көрсете алмаған еді.

«Басқа боксшылардың да нәтижесі мәз емес, кейбір спортшылар тиісті деңгейдегі дайындықпен келмеді. Жалпы боксшылар Олимпиадада «алтын» алмағандықтан көрсеткіш нашар деп есептеймін», — деп бағалады Серік Сәпиев.

Белгілі жыршы Димашқа жаңа атақ беруді ұсынды
Ұлттық дебат турниріне қалалық іріктеу басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу