Шымкентте туризм саласының мамандары көп тіл біледі
Жақында Шымкентте "Visit Shymkent" ақпараттық орталығының қызметкері Латиф Алиханов мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос өкілдері арасында ұйымдастырылған байқауда үздік үштіктен көрінді. III кезеңнен тұратын “Мемлекеттік тіл - Тәуелсіздік символы” байқауда жалпы саны 16 қатысушы бақ сынады. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырумақсатында ұйымдастырылған конкурсқа 21-35 жас аралығындағы азаматтар қатысқан.
Айта кетейік, Латиф Алиханов қазақ тілімен қоса, орыс, ағылшын, күрт, араб тілдерін еркін меңгерген.
Жалпы туризм саласында қызмет көрсететін мамандар көп тілді меңгергені абзал. Себебі олар түрлі мемлекеттен келген қызметкерлерге қызмет көрсетеді. Олар өз тілінде қызмет алса қуанары сөзсіз.
"Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл" деген сөз де бар. Яғни көп тіл білген азамат білімді де білікті бола алады. Оған мүмкіндік көп. Сонымен қатар, "өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" демекші, туризм саласының мамандары мемлекеттік тілді де білуі тиіс.
Осы орайда Латиф Алиханов қазақстандықтарды мемлекеттік тілді меңгеруге шақырды. Әрине, білмейтін азаматтарды. Мемлекеттік тілді білу - әрбір қазақстандықтың парызы.