Түркиялық мамандармен тәжірибе алмасты

Oinet.kz 25-09-2021 566

Screenshot_11.jpg

Қос азамат, қос мекеме, қос мемлекет бір-бірімен тәжірибе алмасу арқылы білімі мен біліктілігін арттыра алады. Тәжірибе алмасу арқылы олар бір-бірінің мәдениетіне, руханиятына, болмысына бойлап, өзіне керектіні алады. "Жақсыдан үйрен" демекші, бір-бірінен жақсы жақтарын алып, өз қателіктерін жөндейді. Алдағы жұмыстарына сын көзбен қарайды.

Шымкент қаласында бүгінде туризм саласында оң өзгерістер көп. Қала туризмін дамыту, одан әрі ілгерілету мақсатында көптеген жобалар қолға алынуда. "Visit Shymkent" туристік ақпаратттық орталығы басшысының орынбасары Ерлан Омаров жақында Түркия мемлекетіне барып, туризм саласының мамандарымен пікірлесіп, тәжірибе алмасып қайтты.

"Стамбул – туристер жиі баратын қаланың бірі. Түркиядағы іс-сапарымызда әріптестерімізден арнайы кеңес алып, тәжірибе алмастық!

Біздің қаламызда да дүңгіршектер де менеджерлеріміз қызмет жасап, тегін ақпарат беретінін білесіздер!

Осы дүңгіршектерден кез келген адам қала аумағындағы барлық қонақүйлер мен мейрамханалар, қолжетімді емдеу орталықтары, ондағы бағалар мен қызмет түрлері жайында толық мәлімет ала алады" - деп жазды ол. 

Ерлан Омаров Түркиядан алған тәжірибесін Шымкентте қолданады. Осы арқылы қала туризмінің дамуына тамшыдай болсын үлес қоспақ. 

Мақпал Жүнісова елге танымал халық әртісі 40 мың доллар алып қайтармай қойғанын айтты
Шымкентте туризм саласының мамандары көп тіл біледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу