Англиядан келген турист Шымкенттен алған әсерімен бөлісті

Oinet.kz 15-10-2021 667

Screenshot_13.jpg

Шымкент қаласында туризм саласы қанат жайып келеді. Бұрындары Шымкентке тек ішкі туристер, яғни республика тұрғындары ғана келетін. Қазіргі таңда шетелден Шымкентке арнайы ат арылтып келетін туристер саны да күрт артқан. Себебі соңғы жылдары Шымкентте туристерге барынша қолайлы жағдай жасалуда. Олар мұнда ешқандай қиындық көрмейді. 

Мысалы Оңтүстік Кореялық Ин Тонг мырза мен Англиядан келген отбасылық туристер Шымкентке арнайы келді. Шетелдік қонақтарға Шымкенттің шуақты ауа-райы ерекше әсер қалдырыпты. 

- Шымкент өте шуақты. Мұнда күз болса күн жылы. Бұл бізге өте қатты әсер етті. Жанымыз жылылыққа бөленді. Шымкент десе көз алдымызға жып-жылы мекен елестейтін болады енді, - дейді шетелдік туристер. 

Туристерге орталық өкілдері қала аумағындағы туристік нысандар туралы толық мағлұмат берді. Өзге ел азаматтары жылдам әрі сапалы қызмет үшін алғыстарын білдірді.

Алдағы уақытта Шымкентте туризм саласы бұдан әрмен қарай қанат жаю үшін, мұхиттың арғы жағынан туристерді көптеп тарту мақсатында қалада сандық технологиямен жұмыс істеу жобалары қолға алынатын болады.

Шымкентте туризм саласының мамандары көп тіл біледі
Тәжікстан Президенті қазақстандық шекарашыны наградтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу