Түркістан: Келес ауданында 4 отбасы баспаналы болды

Oinet.kz 08-10-2021 761

Screenshot_2.jpg       

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 1 қазан – Қарттар күні мерекесі қарсаңында Келес ауданының Бірлік ауылдық округінде 4 отбасы баспаналы болды. Бұрынғы әкімдік ғимараты тұрғын үйге арналып жөндеуден өткізілді. Ол үйлердің кілті аудан әкімі, ауыл ақсақалдарының ұсынымымен ауылдық округі аумағында тұратын тұрмыс деңгейі төмен деп танылған 4 отбасыға табыс етілді.

Салтанатты шарада аудандық мәслихаттың хатшысы Арын Тотиков отбасыларға баспана кілттерін табыстап, жылы лебізін білдірді. Мұндай игілікті іс алдағы уақытта да жалғасатын болады. Сондай-ақ Келес ауданы әкімі атынан төрт отбасыға күнделікті тұрмыста қолданатын қажетті техникалар тарту етілді.

Жаңа баспананың иелері аудан басшыларына алғыстарын айтып, табыс тіледі.

Мақпал Жүнісова тағы да алаяқтардың құрбаны болды
Түркістанда «COWORKING» орталығы ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу