Түркістан облысында заңсыз жер қойнауын қазғандар ұсталды
Түркістан облысының полицейлері заңсыз жерді қазған жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Түркістан облысы, Келес ауданының полиция қызметкерлері рейд жүргізу барысында жергілікті тұрғын заңсыз жер қойнауынан құм-тас қоспасын өз бетінше қазып жатқан. Тұрғын өзіне тиесілі «Драглайн» жер қазу техникасы арқылы өз ойлаған ісін жүзеге асыру барысында ұсталған.
- Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 181-бабына сәйкес Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болмаған кезде қылмыстық құқық бұзушылық фактілерін анықтау үшін уәкілетті органдардың ревизиялармен тексерулер жүргізуін талап ететін арыздар мен хабарлар. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді бірыңғай тізіліміне тіркелместен, мемлекеттік органдарға қарау үшін жіберіледі, сай шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша Экология департаментіне жолданды. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды табиғатты қорғауға шақырады. Сондай-ақ табиғатқа зиян келтіру жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз. Егер табиғатқа қайшы келетін оқиғалардың куәгері болсаңыз, тез арада полицейлердің 102 нөмірі арқылы хабарласыңыздар - деп жазды ТО ПД-ның баспасөз қызметі өз әлеуметтік желілерінде.