Мақпал Жүнісова тағы да алаяқтардың құрбаны болды
Алақтар бұл жолы Халық әртісі Мақпал Жүнісованы арықтаудың жолдарын көрсететін жарнамаға пайдаланған. Түрлі қоспаларды жарнамалаған әнші бақандай 26 келі салмақ тастағанын өзі де білмей қалыпты, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Танымал әншінің атынан белгісіз біреулер жарнама жасап, қомақты ақша тауып жүр. Мұны инстаграм желісінен көрген әнші, өз көзіне өзі сене алмаған. Өнер иесі қазір алаяқтарды іздестіріп жатыр.
- Күнде желіде 30-ға жуық қыз-келіншек арықтаудың жолын сұрайды. Қалай арықтадыңыз? деп сұрақтың астына алды. Сөйтсем желіде менің суретімді жариялап, 26 келі арықтады деп жарнама жасаған екен. Ешкімге сенбеңіздер. Керісінше, 26 келі қосқан сияқтымын, - деді Халық артисі Мақпал Жүнісова.
Осыдан бірнеше жыл бұрын әншінің әуежай қызметкерлерімен дауласқан видеосын таспаға басып алған белгісіз біреулер ғаламтордан оны өшіру үшін әншіден қомақты қаржы талап еткен еді.
Өнер жұлдыздары жиі-жиі алаяқтардың құрбаны болып жатады. Мәселен, Мәдина Садуақасованың атынан біреулер тұшпараны жарнамаласа, актриса Әсел Сағатова, продюсер Баян Алагөзова, Халық әртісі Роза Рымбаева арықтаудың жолдарын көрсетіп, көк шайды сатып алуға үгіттеген. Алайда, артынан оның барлығы өтірік екені белгілі болды.