Түркістан қаласының ең сұлу қызы анықталды

Oinet.kz 06-10-2021 1265

18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова «Түркістан аруы – 2021» сұлулық байқауының жеңімпазы атанды. Көпбалалы отбасыдан шыққан бойжеткен қаладағы қонақүйлердің бірінде жұмыс істейді әрі студент, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Screenshot_1.jpg

Биыл аймақтағы сұлулық байқауы алғаш рет онлайн форматта өтті. Қазылар алқасы қатысушылардың суреттері мен видеовизиткаларымен танысып, ZOOM арқылы олармен тілдескен.

Құрамында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мадина Сәдуақасова, "Қазақстан аруы — 2013" байқауының жеңімпазы Айдай Исаева бар қазылар мүшесі 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапованы Түркістанның ең әдемі аруы атағына лайық деп тапты. Бұл қуанышты хабарды бойжеткенге Айдай Исаева бейнеқоңырау арқылы жеткізді.

Screenshot_2.jpg

- Байқау қорытындысын күтіп жүргенмін. Бүгін ғана құрбым "мен сезіп тұрмын, сен жеңімпаз атанасың" деп айтқан еді. Қуанып тұрмын,- деді Сұлтанбибі Шахапова.

Бойжеткен Түркістандағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқиды. Болашақ мамандығы — дизайнер-интерьер.

​World Robot Olympiad 2021 Ұлттық чемпионатының жеңімпаздары анықталды
Соңғы тәулікте 2 063 адамнан коронавирус анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу