«Тоқаев Президент болатынын Елбасынан бұрын білген адам бар» - Президенттің экс-кеңесшісі

Oinet.kz 05-10-2021 2427

Мемлекет басшысының бұрынғы кеңесшісі, Қазақстан Журналистер академиясының академигі Мақат Садық осыдан 14 жыл бұрын Қасым-Жомарт Тоқаевпен қызметтес болған кезін еске алды. Ол Tengrinews.kz тілшісіне Президент туралы тың деректің бірін айтып берді.

photo_375971.jpeg

Қасым-Жомарт Кемелұлының ел басшылығына келетінін өткен ғасырда шешесі Тұрар Шабарбаева сезген екен.  

- "Біз білмесек те, бұл туралы жарты ғасыр бұрын оның анасы сезді. Президентіміздің "Әке туралы сөз" кітабынан үзінді келтірейін: "Алматыға СОКП ОК Бас хатшысы Леонид Брежнев келді. Жаздың жаймашуақ күні мен, әкем және шешем үшеуміз Ленин даңғылында тұрдық. Даңғыл бойын милиция қоршаған - үкіметтік автомашиналар кортежі тау жаққа өтуі тиіс еді. Ақыры МАИ-дың жол бастаушы автомобилі көрінді, іле-шала кеңес жетекшісі отырған "Чайка" үлкен жылдамдықпен ағызып өтті. Қала халқы үшін бұл үлкен оқиға - қас қағым сәтке болса да баршаға құдайдай елестейтін Л.Брежневтің жүзін көріп қалды ғой. Машиналар көзден таса болған соң анам әкеме "Мен осындай бақыт біздің Жомартты да айналып өтпесін деп тілек тіледім" деді. Әкем шешеме разылықпен қарап, сонан соң ойлы жанарын маған аударып, "Алла жар болсын" деп батасын берді". Бұл әңгімеден әке батасы көкке жетіп, ана тілегі орындалған байқауға болады", - дейді Мақат Садық.  

Қариядан таяқ жеген сот орындаушысы оны қамататынын айтты (видео)
Жас ақындар арасында республикалық «Күміс қалам» поэзиялық кеші басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу