Грузияның экс-президенті аштық жариялады

Oinet.kz 02-10-2021 863

Грузияның тұтқындалған экс-президенті аштық жариялады. Бұл туралы Oinet.kz тілшісі хабарлайды.

Саакашвили.png

Грузияда ұсталған елдің экс-президенті Михаил Саакашвили аштық жариялады. Бұл туралы адам құқықтары жөніндегі өкіл Нино Ломджария хабарлады, деп жазды РИА Новости.

Оның сөзінше, елдің бұрынғы басшысы оған тағылған айыппен келіспейді және өзін саяси тұтқын деп есептейді.

- Саакашвили оны өзінің үйінде тұтқындағанын айтты. Ол еш қарсылық көрсетпеді, сәйкесінше полиция да күш қолданбады. Тұтқындау барысында ол үйінде жалғыз болды. Полицияға есікті өзі ашты, - деді омбудсмен.

Сондай-ақ Нино Ломджария тұтқындалған адам Украина азаматы ретінде консулмен кездесуді талап еткенін, бұдан бөлек Грузияға қалай келгенін айтып беруден бас тартқанын мәлімдеді.

Бұл ретте Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили Имеди телеарнасы эфирінде Үкімет экс-президенттің елге оралғанын біліп отырғанын. Алайда оны тұтқындау бойынша арнайы операцияны жүзеге асыру үшін келгенін жоққа шығарғандарын айтты.

- Оның арандатушылығының салдары текетіреске ұласып кетер еді. Біз арандатушылық пен елдегі жаппай тәртіпсіздікті алдын алдық деп сеніммен айта аламыз, - деді Үкімет басшысы.

Аймағамбетов қазақстандық мұғалімдерді төл мерекесімен құттықтады (видео)
Бүгін Кемел Тоқаевтың туған күні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу