«Өз ойымды толық жеткізуге орыс тілі ыңғайлы» - экология министрі (видео)

Oinet.kz 30-09-2021 2228

Каспий теңізінің қорғау жөніндегі заң жобасын талқылау барысында депутат Жанарбек Әшімжанов жаңа экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке қазақ тілінде бірнеше сұрақ қойды.

министр.png

Министр Серікқали Бекешев, өз кезегінде, мемлекеттік тілдегі тақырыпты толық аша алмайтынын атап өтіп, сұрақтарға орыс тілінде жауап беруге рұқсат сұрады.

- Сұрағыңызға рақмет! Мемлекеттік тілде жауап бере алмау себебім қазақ тілін білмегеннен емес. Өз ойымды толық жеткізуге орыс тілінде сөйлесем бола ма? - деді министр.

Бұған Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин ескерту жасады. Ол сұрақ тиісінше мемлекеттік тілде қойылғанын және жауап қазақ тілінде берілуі тиіс екенін атап өтті.

- Сіз енді бірінші рет келіп отырсыз бізге. Депутаттың қойған сұрағы өте үлкен мәселе. Сондықтан ендігі келгенде өтініш бар мемлекеттік тіл. Сіз парламентке келіп отырсыз. Қазақ тілінде қойылған сұраққа қазаққа жауап беру керек. Шетелде оқыдыңыз, ағылшынша тілдерді білесіз. Туған елде жүрген кезде, министрлікте жұмыста жүрген кезде қазақша сөйлеу керек - деді Нұрлан Нығматуллин.

Биыл Қаратау ауданында 40 көше жарықтандырылады
Ұлжан Елмұратова: Қазақтың бір қылықты қызы едім
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу