Қаусаған бейтаныс шал (әңгіме)
03-11-2023
Жақында екінші рет ана атанған Альбина Шардарова кішкентай нәрестесі туралы тың мәліметтермен бөлісті. Өнер иесі көпшілікке перзентінің атын жариялады. Оған қоса, әнші босанғаннан кейін отбасында туындаған жағдайларды ақтарды.
Альбина Шардарова мен Бауыржан Саитов екінші қыздарына Альфия деген ат берген. Бұл жайында жұлдызды ана өзінің Instagram парақшасында айтты.
Сонымен қатар, әнші тағы да балалы болған соң, үлкен қызына көп көңіл бөле алмай жүргенін жеткізді.
"Көңіл жетпей жүр. Барлығымызды бетіне қаратып отыратын ап-ақылды қызымыз, үйге бөпе келгелі бұзық, тіл алмайтын,жылауық қыз болып кетті. Бізден вниманиеден көрі ұрыс, ескерту көп еститін болып жүр. Бірақ,бөпесін жақсы көреді,менен қызғанатынын көрсетіп те қояды, жаным. Өзім ұрысып алып,артынша жүрегім ауырып отырамын. Бөпені қолымда ұстап отырсам да, көңілімді Жасминға бұруға тырысамын,бірақ бәрібір бұрынғыдай 100% емес, соны сезіп жүр. Айтпақшы,бөпеміздің есімі - Альфия. Ал енді,көп балалы аналардан кеңес қажет. Екі балаға бірдей көңілді қалай бөлеміз? Ертең үшеу,төртеу болғанда қалай болады? Сіздердің де тұңғыштарыңыз солай өзгеріп кетті ме", - деп жазды ол.