Маңғыстаудың жаңа әкімі Ноғаев 2 әкімге сөгіс жариялады

Oinet.kz 29-09-2021 1077

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары және Қарақия мен Бейнеу аудандарының әкімдеріне "Nur Otan" партиясының жол картасын тиісті деңгейде жүзеге асырмағаны үшін сөгіс жарияланды.

Screenshot_1.jpg

Әкімдіктің мәліметінше, 28 қыркүйек күні Маңғыстау облысының әкімі, "Nur Otan" партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен партияның облыстық филиалында Саяси Кеңес Бюросының отырысы өткен. 

"Отырыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасарына, Қарақия және Бейнеу аудандарының әкімдеріне "Nur Otan" партиясының жол картасын дұрыс бақыламағаны және тиісінше орындамағаны үшін сөгіс түрінде партиялық жаза берілді", - делінген хабарламада.

Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының Маңғыстау облысында 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары талқыланды.

"Бұл жұмыстарға мемлекеттік орган басшылары жауапты. Халық бізден жол картасын сапалы жүзеге асыруды күтеді, сондықтан біз өзімізге артылған сенімді ақтауға міндеттіміз. Жоспардың орындалмауы әкімдер мен басқарма басшылары арасында ішкі байланыстың жоқтығын көрсетіп тұр. Бұл іске деген жүйелі жұмыстың жоқтығы. Бәріміз бір бағытта жұмыс істеуіміз керек. Сонда ғана алдымызға қойылған міндеттерді орындап, өз мүмкіндіктерімізді тиімді пайдаланатын боламыз", - деп келтіреді баспасөз Нұрлан Ноғаевтың сөзін.

Cонымен қатар облыс басшысы жауапты тұлғаларға өздеріне жүктелген міндеттерді мерзімінде орындауды тапсырды.

Елжан Біртановтың ағасы Тоқаевқа үндеу жасады (видео)
Альбина Шардарова екінші қызына ерекше есім берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу