Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Әнші Сэй Мо алғаш рет Шәріп Серікпен ажырасуына қатысты пікір білдірді. Ол үйленбей тұрып-ақ, актермен қарым-қатынасында жағымсыз жайттардың болғанын алға тартты. Бұл туралы ол "Мискузи Боул" арнасына берген сұхбатында айтты.
Бүгінде әнші қыздың бұрынғы жұбайына алғыстан басқа айтары жоқ. Себебі Шакенти берген өмірлік сабақтың арқасында бүгінгі күйге жейттім, дейді.
"Ажырасқаннан кейін дами бастадым. Психологтар, кітаптар, ретриттер. Соның барлығы мені бүгінгі қалпыма алып келді. Барлығы сол адамның арқасында. Ол мен үшін үлкен сабақ болды.
Құдай мені қатты жақсы көреді, деймін. Құдай менің есімді жидырту үшін мықты шапалақ берді. Мен ондай қарым-қатынаспен осы күнге де жетпес едім.
Біздің қарым-қатынасымызды тоқтатқаны үшін бұрынғы енеме шын жүрегіммен алғыс білдіргім келеді. Психолог маған мұны айтқан кезде, қарсыластым. Менің түсінгенім, ол әйел адам болмаса, мен әлі күнге дейін сол адаммен бірге тұрар едім.
Мен оны неге жарияладым? Себебі жарияласам, оның қайтып келмейтінін білдім. Ал егер шығармасам, екеуміз әлі де бірге тұрар едік. Маған керегі сол болды. Ол ақымақтық болғанын түсінемін. Мен оны қаншама рет кешірдім, бұл жолы да кешіре салар едім. Себебі ақтап алар едім. Артқа жол жоқ екенін түсіндім", - дейді Сэй Мо.