Кедей туристерге Балиге кіруге тыйым салынуы мүмкін

Oinet.kz 20-09-2021 791

Индонезия үкіметі кедей туристер үшін Бали аралына баруды шектегісі келді. Бұл туралы Bali Sun жергілікті шенеуніктердің бірінің мәлімдемесіне сілтеме жасап жазады, деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

image.png

Басылым мәліметінше, ел халықаралық туризм үшін ашылғаннан кейін билік бюджеті төмен саяхатшылардың курортқа кіруіне тыйым салуды жоспарлап отыр.

Теңіз істері және инвестициялар жөніндегі үйлестіруші-министр Лухут Бинсар Панджайтан мұндай шешім Балиде "сапалы" туризмді дамыту ниетіне байланысты қабылданғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу үшін арал эпидемиологиялық жағдайы қауіпсіз деп саналатын мемлекеттердің азаматтары үшін ғана ашылады.

Ресейлік ЖОО-да атыс шықты: студенттер терезеден секірген
«Бетім жанып, үстіме топырақ шашылып жатқанда ояндым» - Полковник Тараздағы жарылыс жайын баяндады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу