Танымал әнші Салтанат Бақаева енесінің көңілін қалай тапқанын айтты

Oinet.kz 06-09-2021 1983

Танымал әнші Салтанат Бақаева келіндік өмірін еске алды. Ол енесімен қалай сыйысып тұрғанын, қалай өзгергенін Instagram парақшасында жазды.

Screenshot_4.jpg

"Келін қайын ененің топырағынан деген рас! Біз екінші мамам екеуміздің ұқсайтын тұстарымыз өте көп. Екеумізде өнерліміз, анамыз үнемі ыңылдап ән айтып жүреді, мен де дәл солай.

Негізі ене мен келіннің қарым-қатынасында көп нәрсе келіндерге байланысты. Жаңа түскен келінге ата-енесімен сыйластық, мейірімділікпен бөлісуге жасқанбаған дұрыс. Өз басым жаңадан келін болып түскенімде,жолдасым жұмыстан келмегенінше мен де түзде құрбыларыммен немесе театрда ұзағырақ болуға тырысатынмын. 

Содан соң үйде әңгіме болды. Салтанат барынша өзгергісі келмеді,жұлынды, бұлқынды дегенімен қазіргі постты жазып отырған Салтанат басқа. Бұрынға “картошка аршымайм” деген Салтанат мүлдем басқа адам. Және меніңше бұл дұрыс,адам өзгеру керек,даму процессі жүру тиіс,өзгеру қашанда қиын дегенімен сен басқа сатыға көшесің, басқа дүниелерді түсіне бастайсың. Әрине бастапқы кезде біз келіндер көптеген қателіктер жасаймыз, олда керек шығар,сол қателіктердің арқасында оң мен солды ажырата бастаймыз. Мені дұрыс түсініңіз, өзгеру дегенім өзіңді жоғалту емес керсінше өзі де бар тәрбиеңді,білгеніңді тереңдету!

Әр қашан бір-бірімізден жақсы қасиеттерді іздейік. Кейде біреулер айтып жатады,енем осылай сөйлейді,тиісе береді не үшін сыйлаймын деп?!Менің оларға айтарым,қыздар,жолдасыңызды жақсы адам қылып тәрбиелегені үшін,жұмыстарыңызбен жүргеніңізде балаларыңызға қарап отырғаны үшін РИЗА болыңыз. РИЗАШЫЛЫҚ СЕЗІМ жүректі жібітеді. Кез-келген адамнан жаман нәрсе емес жақсылығын көре білгенде сіз Бақытқа бөленесіз, - деп жазды әнші.

Ерке Есмахан не үшін өзінен 9 жас кіші жігітті таңдағанын түсіндірді
Головкинге гонорары ең көп жекпе-жек ұсынылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу