Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Ерке Есмахан Instagram-да оқырман сауалына жауап беріп, жеке өміріне қатысты сыр шертті. Ол Aзамат Зенкаевпен 1 жылдан бері кездесіп жүргенін ашып айтты.
Еркенің өзінен 9 жас кіші жігітті таңдағанын көпшілік әлі де түсінбейді. Махаббаттың жасқа қарамайтынын әнші қанша рет түсіндіруге тырысса да, бұған қатысты сауалдар толастар емес. Оған Ерке:
"Жас болса да, жігіт таңдағаныма рақмет деп қойсаңыздаршы. Әйтпесе қазіргі заманда қорқынышты. Неше түрлісін көріп, естіп жүрсіздер ғой онсыз да", – деп жауап берді.