Тәліптер Ауғанстан аумағында аспанға оқ атуға тыйым салды

Oinet.kz 06-09-2021 704

«Талибан» радикалды қозғалысы жергілікті әкімшіліктер мен әскери қызметкерлерге бүкіл Ауғанстан аумағында әуеге оқ атуға тыйым салуға нұсқау берді. Жексенбіде тиісті өкімнің мәтінін қозғалыс өкілі Забихулла Муджахид Twitter-де жариялады.

image.png

«Ауғанстан Ислам әмірлігінің» (тәліптердің өзін-өзі атауы) әскери істер жөніндегі комиссиясы қол қойған нұсқаулықта «Кабулда және елдің басқа да қалаларында әуеге оқ жаудыру адамдардың өліміне және жарақаттануына, сондай-ақ бейбіт тұрғындар арасында үрей тудыратыны» айтылған.

- Осыған байланысты Кабул мен провинциялардағы барлық әскери шенеуніктер, командирлер және басқа да жауапты адамдарға аспанға оқ атқандарды дереу тұтқындап, қарусыздандыру тапсырылды. Кабул мен провинцияның полиция басшыларына, сондай-ақ барлау қызметкерлеріне құқық бұзушыларды анықтау және жазалау үшін жедел және қатаң шаралар қабылдауға нұсқау берілді, - делінген тәліптердің нұсқауында.

Жамбыл облысында тағы жарылыс болды ма? - министрлік түсініктеме берді
Бойжеткенді 9 күн бойы зорлаған күдікті ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу