Бойжеткенді 9 күн бойы зорлаған күдікті ұсталды

Oinet.kz 05-09-2021 522

Ол бейтаныс жігітпен сайт арқылы танысып, кездесуге барған. Бұдан соң бойжеткенмен байланыс жоғалды. Ресейдің Нижний Новгород қаласында ер адам 23 жастағы бойжеткенді 9 күн бойы жертөледе қамап, зорлаған. Күдікті сенбіге қараған түні ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

image.png

Бойжеткен 24 тамыз күні жоғалып кеткен. Тергеу мәліметіне сәйкес, 39 жастағы ер адам жәбірленушімен сайт арқылы танысқан. Кездесуден кейін бойжеткен ер адаммен бірге кетіп, одан кейін онымен байланыс үзілген.

Бастапқыда адам өлтіру фактісі бойынша іс қозғалған. Кейін бойжеткен гараждың жертөлесінде табылды, деп хабарлады РИА Новости.

Ол тоғыз күн бойы сол жерде кісенмен байлаулы отырған. Ер адам пышақпен қорқытып, күн сайын зорлағаны белгілі болды.

Жәбірленуші құтқарылған соң полицейлер күдіктіні тапты. Ол екі тәулік бойы жасырынған. Жұмадан сенбіге қараған түні қолға түсті.

Тәліптер Ауғанстан аумағында аспанға оқ атуға тыйым салды
Америкалық зымыран аспанда жарылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу