«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
"Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Қатонқарағай ауданы Жаңаүлгі ауылындағы көпбалалы отбасыға мектепке қажетті құрал-жабдықтармен көмек көрсетті.
Бұған дейін де мұндай қайырымдылық акциялары жиі ұйымдастырылып, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға тиісінше қолдау көрсетілген болатын.
Қорық-музей тарапынан ұйымдастырылған қайырымдылық шараларының мақсаты - өскелең ұрпақ пен мәдени-тарихи сабақтастықты нығайту, тиісінше қолдау көрсету, бауырластық ынтымақты арттыру, балалардың тарихи мұраларға деген көзқарасын жақсарту болып табылады.
Осы орайда, балалармен тілдесіп, олардың тарихи-танымдық бағыттағы ойлары жөнінде пікір алмасқан музей қызметкерлері оқушыларды Берел қорық-музейімен танысуға шақырды.
"Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі