Мәдениет қызметкерлері, кітапханашы, көлік жүргізушілерінің жалақасы көтеріледі
Қасым-Жомарт Тоқаев кітапханашы, мұрағатшы, көлік жүргізушілерінің жалақысы өсетінін айтты.
“2020 жылдан бастап 620 мыңнан астам педагогтар мен мұғалімдердің, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы өсті. Бірақ бюджеттен қаржыланатын өзге де сала қызметкерлері бұдан тысқары қалды. Бұлар: мәдениет қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілері және басқалар. Сондықтан 2022-2025 жылға дейін мемлекет осы санаттағы қызметкерлердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіретін болады. 600 мыңға жуық қызметкер осы бастаманың игілігін көреді”, – дейді президент.
Еске салсақ, бүгін 1 қыркүйекте ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасады.