Бір топ әйел Ұлжан Елмұратованың қызметке келуіне қарсы болып шу шығарды (видео)

Oinet.kz 01-09-2021 17764

Шулы оқиғадан соң лауазымынан босатылған Ұлжан Елмұратова күні кеше директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. Бірақ бұған аудан тұрғындары наразылықтарын білдіруде деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_7.jpg

Бұл туралы Сардар Әбдіжақия Facebook парақшасында видео жариялады. Видеодан мектепке баса-көктеп кірген бір топ әйел айқай-шу шығарып кетеді. Видеодан көргеніміздей, олар Ұлжан Елмұратованың мектепке қызметке келгеніне наразы. 

Еске сала кетейік, Еске салсақ, биыл маусым айының ортасында әлеуметтік желілерде «боқтампаз» педагогтың видеосы тарап кеткен. Онда келіншек өзге көлік жүргізушісіне боқауыз сөздерді қарша боратып тұрғанын көруге болды. Кейінірек бейнежазбадағы әйелдің Ордабасы ауданы, Бадам ауылындағы А.Шерімқұлов орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары екені белгілі болды. Көп ұзамай «завуч» қызметінен кетті. Қазір аталған мектепте директор міндетін атқарушы болып қызмет атқаратын Ержан Мырзабеков Ұлжан Елмұратованы жұмысқа қабылдаған. Ал Ордабасы аудандық білім бөлімі оның Елмұратованы жұмысқа қабылдау туралы бұйрығын заңсыз деп танып, оны бұзуға шақырып жатыр. 

Мәдениет қызметкерлері, кітапханашы, көлік жүргізушілерінің жалақасы көтеріледі
Шымкентте жаңа оқу жылында 20 жаңа мектеп ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу