Жамбыл облысында әскери қоймада тағы да төтенше жағдай (видео)
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылыс орнынан тағы бір адамның денесі табылды, деп хабарлайды Oinet.kz.
AIBAT жаңалықтар қызметінің меншікті тілшісі Данияр Әлімқұл жергілікті Төтенше жағдайлар департаментіне сүйене отырып - қару-жарақ қоймасы үйінділерінің астынан тағы бір азаматтың мәйіті табылғанын хабарлайды.
Мәйіттің кім екенін анықтау мүмкін емес, арнайы медициналық сараптама керек дейді мамандар.