«Жарылған қоймада тарс еткен дыбыс естіліп, жалын шықты» - Қорғаныс министрлігі
Қазақстан Қорғаныс министрлігі жарылған әскери оқ-дәрі қоймасынан жалын шыққанын мәлім етті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- 26 тамызда өрт шыққан инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында бүгін, 29 тамызда сағат 12.20 шамасында тарс еткен дыбыс естіліп, жалын шықты. Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ, адамдар болмаған. Себептері анықталып жатыр, - делінген ведомствоның Telegram-каналында.