Нұрсұлтан Назарбаев кадрлық ауыс-түйіс жасады

Oinet.kz 25-08-2021 2334

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздік қызметінің бастығын ауыстырды.

Screenshot_2.jpg

"Елбасының шешімімен Жасұлан Аманжолұлы Сәрсембай мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы болып тағайындалды", - делінген ресми хабарламада. 

Ал Батырбек Байбосынов басқа жұмысқа ауысуына байланысты осы қызметтен босатылды. 

Айта кетері, Жасұлан Сәрсембай 2018 жылдың қарашасы мен 2019 жылдың маусымы аралығында Елбасы қауіпсіздігі қызметінің бастығы болған.

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінде кадрлық ауыс-түйіс жасаған еді. Президенттің жарлығымен Ермек Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Screenshot_1.jpg

Еске салсақ, бұған дейін Мемлекеттік күзет қызметін Қалмұханбет Қасымов басқарды. Осы жылдың 30 шілдесінде президенттің жарлығымен ол қызметінен босатылды. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қалмұханбет Қасымов отставкаға және мемлекеттік қызметтен кету туралы өзі өтініш бергенін хабарлады.

Шымкентке жыл басынан бері мыңнан астам қоныс аударғандарға қандас мәртебесі берілді
Айгүл Иманбаеваны жауапқа тарту керек! - Дәрігер-кардиолог
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу