Аймағамбетов ҰБТ-ға жалған төлқұжатпен кіргендер туралы айтты

Oinet.kz 24-08-2021 1312

Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ-ға жалған төлқұжатпен кіргендер туралы пікірін білдірді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_12.jpg

- Бұл жерде ешқандай заңбұзушылық болған жоқ. Жалған төлқұжатпен кіремін деген түлектер ҰБТ-ға кіре алмады. Дереу сол фамилияларды, ақпараттарды тиісті органдарға бердік. Егер бір-ақ саты болса құжатты көрсетіп әрі қарай өтіп кетуге мүмкіндік болар еді. Біздің реформа бойынша, түлек құжатты көрсеткен соң FaceID-ға барады. Міне, сонда барлық мәселе анықталып тұрады, - деді министр.

Еске сала кетейік, биыл ҰБТ-ға жалған құжатпен кірмек болған 18 адам ұсталды. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтқан еді. 

«18 адамның 9-ына қылмыстық іс қозғалды. Бұл ретте астаналық 4 оқушы жеке басын куәландыратын құжаттарын қолдан жасатып, өздерінің орнына жоғары оқу орнының студентін жіберген екен. Тиісінше олардың деректері құқық қорғау органдарына тапсырылып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» - деген болатын Қуаныш Ерғалиев. 

Бәрі Аягүлдің өліміне Сәулені кінәлап жатыр, егер Сәуле өзіне қол жұмсаса не істейміз? - Абзал Құспа
Рухияны Баталов қабылдап, кәсіпкерлер көлік сыйлады (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу