Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Танымал әзілкеш, 10 мың доллардан кем тойға бармайтын әртіс Тұрсынбек Қабатовтың өзінің де, қызының да үстінен қылмыстық іс қозғалмаған, – деп хабарлады 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасы.
Фотода Бауыржан Жәдігеров, Тұрсынбек Қабатов
13 маусымдағы дауға байланысты Әдемі Аманғали биыл ҰБТ-дан шеттетіліп отыр. Танымал актер мән-жайды түсіндіру үшін Instagram парақшасына видео жариялаған. Аудиода өзін Нұрбек деп таныстырған жігіт Әдемі Аманғалиға ҰБТ-дан жоғарғы балл әперіп, Қабатовтар отбасына тосынсый жасағысы келгенін айтады. Бірақ мұнда көрсетілген телефон Нұрбек есімді азаматтың емес, Қабатовтың қызын ҰБТ-ға дайындаған орталықтың директоры Бауыржан Жәдігеровтің нөмірі болып шықты. Тұрсынбекпен жақсы араласатынын айтқан ол Нұрбектің орталықта жұмыс істемейтінін жеткізді.
“Тұрсынбек Қабатовтың қызы бізде көктемде білім алды. Басында ҰБТ-ға дайындалып, кейіннен шетелге түсетін болды. Шетелге түсетіндерді біз дайындамаймыз. Менің нөмірім шықты. Себебі Тұрсынбек Қабатов ол мұғалімді тауып беруді менен сұрады. Ол кісі телефонын алмай қойған, сондықтан мен телефонымды сол жерде қосып, ол сол телефонмен сөйлесті”, – дейді Жәдігеров.
Айта кетсек, бұған дейін заңгер Абзал Құспан Қабатовтың қызының орнына басқа біреу ҰБТ тапсырғанын айтқан болатын. Бұған байланысты қазақстандықтар оқушының “Алтын белгіні” әділ жолмен иеленгеніне тексеру жүргізуді талап етті.
Оқиға жайлы әзілкештің өзі де пікір білдіріп, қызының орнына басқа адамның кіргенін мойындаған болатын.