Шөп шапқан Мағрипа ақылынан адасты
17-09-2022
Танымал қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан қуаңшылықтан зардап шегіп жатқан ауыл тұрғындарына 300 мың теңге көмек берді. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Еске сала кетейік, Мұхтар Тайжан экс-бизнесмен Марғұлан Сейсембаймен соттасып жатқаны көпшілікке аян. Ол Марғұлан Сейсембайдан сотта өндіріп алған 300 мың теңгесін қайырымдылыққа жұмсауға бел буған.
"Достар, өкінішке орай, елімізді құаңшылық әлі басуда. Сол үшін мен Марғұлан Сейсембайдан сот шешімімен алған ақшамды ауылда тұрып жатқан халқымызға жәрдем ретінде жіберіп отырмын.
Құрмет Талапқазы бауырым, халқымыз үшін атқарып жатқан еңбегіңе Алла разы болсын! Меннен бұл көмегімді қабылдап ал!" - деп жазды Мұхтар Тайжан.
Айта кетейік, Құрмет Талапқазы желіде Батыста қуаңшылықтан зардап шегіп жатқан азаматтарға қол ұшын созуға халықты шақырған еді.