Ең төменгі жалақы 145 мың теңге

Oinet.kz 05-08-2021 641

Статистика комитетінің таратқан мәліметі бойынша Қазақстанда 2021 жылдың екінші тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 251 545 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2020 жылғы тиісті тоқсанына 118,6 пайызды, ал нақты жалақы индексі 110,4 пайызды құрады.

Screenshot_11.jpg

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде – 472,5 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 1,9 есе жоғары), тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 461,8 мың теңге (1,8 есеге жоғары), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 356,7 мың теңге (1,4 есеге жоғары), ақпарат және байланыс саласында – 338,6 мың теңге (1,3 есеге жоғары). Рейтинг бойынша ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде – 145,6 мың теңге және сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою саласында-146,5 мың теңге болып белгіленді.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы орташа айлық жалақы Атырау облысында белгіленді – 398,5 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,6 есе жоғары. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 189,8 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 24,5 пайызға төмен.

Комитеттің есебі бойынша орташа жалақы Шымкент қаласында-203 мың теңгені, Түркістан облысында-213 мың теңгені құраған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге баратын болды
Басы дауға қалған Тұрсынбек Қабатов шын мәнінде кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу