Басы дауға қалған Тұрсынбек Қабатов шын мәнінде кім?

Oinet.kz 19-08-2021 23988

Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов 1979 жылы 10 қазанда Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Ақпәтер ауылында дүниеге келген. Ол — ешбір өнер мектебін бітірмесе де, таланты мен тынымсыз еңбегінің арқасында халықтың ықыласына бөленген жан.

Тұрсынбек Қабатов.jpg

Отбасында алты ағайынды, оның үшеуі — ұл, үшеуі — қыз. Тұрсынбек үйдің екіншісі. Ағасы Мырзабек бүгінде өзімен бірге жүріп, барлық жұмысына атсалысады. Оны әзілкештің директоры деп те айтуға болады. Өзінен кейінгі қарындасы Зәмзагүл алматылық азаматқа тұрмысқа шығып, бүгінде осы жерде тұрып жатыр. Бұдан кейінгі қарындастары Баршагүл мен Еркем Орал қаласына өздерінің отбасыларымен қоныстанған. Кенже інісі Мейрамбек те үйленген. Анасы дәл қазір осы інісінің қолында. Балалары аналарын атымен "Типа" деп атайды. Шын есімі Талиға.

Әзілкештің есімін батыр бабасына ұқсасын деген ниетпен нағашылары қойған. Жұбайының аты — Мөлдір, балалары — Әдемі, Айым, Айару мен Нұриман. 

Ол Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы аграрлық университетті тәмамдаған. Бірақ, мектептен кейін бірден оқуға түспей, ауылда шопан болады. Кейін еңбек жолын 2000 жылы Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясында бастайды.

2001 жылы Көңілді тапқырлар клубында ойнайды. Сондай-ақ, университет қабырғасында жүріп "Аграрка сарбаздары", "Астана.кз", "Казахи" сынды командаларда өнер көрсетеді.

Тұрсынбек Қабатов қазіргі таңда ел арасында әзілкеш әрі шоумен ретінде танылған.

Еске сала кетейік, жақында Тұрсынбек Қабатов қызы Әдемінің орнынан ҰБТ-ға басқа қызды кіргізіп, жалған құжат жасатқаны белгілі болған еді. 

Ең төменгі жалақы 145 мың теңге
Жан басына қаржыландыру балалардың кез-келген үйірмеге баруына қолжетімді етеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу