БҰҰ Бас хатшысы Ауғанстанда адам құқықтарының бұзылуына жол бермеуге шақырды
Біріккен Ұлттар ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) мен Ауғанстандағы шиеленістің басқа да тараптарын барынша сабырлық танытуға шақырды.
Бұл туралы Бас хатшы кеңсесінің жексенбі күні таратылған мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
- «БҰҰ Бас хатшысын Ауғанстандағы жағдай алағдатып отыр. Ол «Талибан» мен басқа тараптарды адамдардың өмірін сақтап қалып, оларды гуманитарлық қажеттіліктермен қамтамасыз ету үшін барынша сабырлылық танытуға үндеді», - делінген мәлімдемеде.
БҰҰ Бас хатшысы сондай-ақ Ауғанстанда адам құқықтарының бұзуылуын тоқтатуға шақырды. БҰҰ Ауғанстан тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетуге ниетті.
- «БҰҰ бейбіт жолмен реттеу, барлық ауғандықтар, әсіресе әйелдер мен қыз балалардың құқықтарын қорғау және мұқтаж азаматтардың өмірін аман сақтап қалу үшін қажетті көмек көрсету жұмысын көздеп отыр», - делінген мәлімдемеде.