Алматыдан шыққан «Эйр Астана» ұшағы әуежайға оралды
Алматыдан ұшып шыққан "Эйр Астана" ұшағы найзағай түсті деген хабардан кейін әуежайға оралды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Оқиға 9 тамызда кешке Алматы - Тбилиси бағыты бойынша ұшатын әуе кемесімен болған. Ұшақ 20.30-да ұшып, найзағай түскен болуы мүмкін деген себеппен Алматы әуежайына оралды.
- Ұшақ штаттық режимде қонды. Зардап шеккендер жоқ. Борт ауыстырылғаннан кейін жолаушылар межелі пунктке сағат 00.40-та ұшып кетті. Ұшақ инспекциясы толық көлемде орындалды, найзағайдың түсу іздері табылған жоқ, - деді "Эйр Астана" әуекомпаниясының өкілі.
Әуе кемесі пайдалануға берілгені атап өтілді.