Қызылордалық фельдшер жанып жатқан ұшақты жарылудан, жолаушыларды апаттан құтқарып қалды

Oinet.kz 15-06-2022 3268

Қызылорда облысында фельдшер Марат Мейрамбек жанып жатқан ұшақ бортындағы оттегі баллонының жарылуының алдын алып, ұшақтағылардың өмірін аман алып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Медициналық авиация диспетчерлік пунктіне Арал ауданынан ақпан айының басында қант диабетімен ауыратын 16 жастағы науқастың комаға түскендігі туралы қоңырау түскен. Сол кезде Марат Мейрамбек тек науқасты ғана емес басқаларды да құтқаруға тура келетінін күтпеген де.

“Қызылорда – Арал” бағыты бойынша жедел жәрдем рейсін орындаған Ан-2 ұшағы апатты жағдайда қону кезінде жанып кетті. Марат жалынға оранған салоннан қымбат медициналық құрал-жабдықтар мен оттегі баллонын алып шықты. Ұшақ соңғы сәтте кез келген секундта жарылып, оның және екі ұшқыштың өмірін қиюы мүмкін еді.

“Ешқандай қорқыныш, үрей болған жоқ. Тек сабырлы және тез әрекет ету керек деп ойладым. Оқиға орын алып жатқанда өзімді ойламадым. Бар ойым тез шешім қабылдап медициналық құрал-жабдықтарды құтқару және эвакуациялау болды”,- дейді Марат.

Фельдшер өз әрекетін ерлік деп санамайды. Марат апаттан кейін таңертеңнен бастап қатарға қайта оралып кезекті кезекшілік, шақыруларына қайта кірісіп кеткен. Әріптестер оған сүйсініп, үлгі тұтады.

“Соңғы 10 жылда мұндай апат бірінші рет болып отыр. Фельдшеріміздің батылдығы мен ұшқыштардың кәсібилігінің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ. Жалпы, жыл басынан бері 56 рет ұшып, Марат сияқты дәрігерлеріміздің білікті көмегіне мұқтаж ондаған науқасты аман алып қалдық”- деді медициналық авиация бөлімінің басшысы Марал Әйтімов.

Медициналық авиация бөлімі облыстық жедел медициналық жәрдем қызметінің құрамына кіреді. Сондай-ақ 4 қалалық және 9 аудандық станцияда 937 қызметкер жұмыс істейді. Диспетчерлер күніне 1,5 мыңға дейін қоңырауды тіркейді. Олардың жартысында ауыр науқастарға күтім қажет.

Реанимацияның сәтті өтуіне толықтай жаңартылған жедел жәрдем автопаркінің де қосар пайдасы мол. Қатар өткен жылы 40 реанимобильмен толығып, биыл тағы 20-сы қосылған. Енді Марат пен оның әріптестері мұндай өзгерістер авиапаркке де әсер етеді деп үміттенеді. Өйткені қазіргі жедел жәрдем ұшағы жарты ғасырдан асқан және олармен ұшу қауіпті болып барады.

«AMANAT»: Сайлауалды бағдарламаға сәйкес жолдардың сапасы артуда
Жаңаөзен тұрғындары қайта көтеріліп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу