Аружан Дүйсебаева Сәкен Майғазиевпен татуласпайтынын айтты
OINET.KZ - Шымкент қалалық мәдениет үйінің жетекшісі, әнші Сәкен Майғазиев тіркелмеген партия – «Қазақстанның демократиялық партиясының» белсендісі Аружан Дүйсебаеваны сотқа берген болатын. Әнші белсендіні «ар-намысқа тиіп, қорлады» деп айып тақты.
Осыған байланысты бүгін сот отырысы (татуласу,келісімге келу бойынша) өтті. Бұл туралы Аружан Дүйсебаева Facebook парақшасында хабарлады.
"Майғазиев Алматыға келіпті шет елден және сотқа өзі қатысты. Сот барысында екі тарапқада өз құқықтары түсіндірілді. "Татуласасуға мүмкіндік бар ма?"- деп сұрады сот. Алдымен Майғазиевтің пікірін білу маған өте қызық болды. Ол "Қазақтың әп-әдемі, сүйкімді қызысың ғой, мұндай тірлік саған жараспайды қарындасым. Сені 70% ақтап алуға тырыстым, біреу дайындап беріп соны айтқан шығар деп, менің талабым бойынша әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрап, видеоларды өшіру керек" деді.
Мен ешқандай татуласпайтынымды соңына дейін баратынымды айтып, өз ұстанымымда қалдым. Ия мен Сәкенді құрметтемеймін" - деп жазды Аружан Дүйсебаева.