Біржан Хасанғалиев әкесінің неден қайтыс болғаны туралы айтып берді

Oinet.kz 14-07-2021 3888

Биыл 30 сәуірде 81 жасына қараған шағында халық әртісі, аңыз әнші, ұлы композитор Ескендір Хасанғалиев өмірден озды. Коронавирус жұқтырып, ауруханаға жатқан әртіс бірден жансақтау бөліміне түседі. Бірақ оны аман алып қалу дәрігерлерге мүмкін болмапты. Біржан Хасанғалиев әкесі екпе салдырғанда аман қалар ма еді деген өкінішін жасырмайды. Бұл туралы ол Stan.kz тілшісіне берген сұхбатта айтып берді. 

Screenshot_5.jpg

Оның айтуынша, бір жыл бойы карантиндік шараларды сақтап, үйде отырса да, ауруханаға жатқанда жұқтырып алған көрінеді. 

“Олар бүкіл халық сияқты бір жылдан астам уақыт үйде отырды. Ешқайда жіберген жоқпыз, далаға шығарған жоқпыз. Бірақ шамамен үш ай бұрын профилактика ретінде ауруханаға жатты. Сонда анам да, әкем де вирус  жұқтырып алды. Үйге келгеннен кейін жөтеле бастады. ПТР-тест тапсырып, нәтижесі оң болып шықты. Сол кезде жұқтырғанын, ауырып қалғанын түсіндік”, –дейді ол.

Алғашқылардың бірі болып екпе алған Біржан Хасанғалиев әкем де вакцина салдырғанда тірі болар ма еді деп өкінеді. 

“Өз басым наурыз айының басында алғашқылардың бірі болып вакцина салдырдым. Сонда әкеме бірге салдырайық деп айттым. Дегенмен, ел аузында екпеге қатысты неше түрлі алып-қашпа әңгіме болды. Көп адамдар екпеге сенімсіздік танытып, қорқып салдырмады. Менің ойымша, сол кезде салдырса, қазір тірі қалар ма еді. Әрине, бәрі жаратушымыздың қолында. Бірақ екпе вирусқа қарсы қорған болушы еді”, – дейді өзегі өкініш керген Біржан Хасанғалиев.  

«7 жыл тозақта өмір сүрдім»: Шымкенттік келіншек күйеуінен көрген қорлығын айтты
«Құрсай» шағын ауданындағы мектеп құрылысының жұмысымен танысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу