«Дельта штамм» Қазақстанның бүкіл өңірінде тіркелді - ДСМ
"Үнді" штамм Қазақстанның барлық облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында да анықталды, деп хабарлайды Oinet.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, КВИ-ге шалдыққан науқастардан алынған сынамаға ПТР-тест жасалып, көбісі диагнозды растады.
2021 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша үнді штамын анықтау үшін ПТР-тест бойынша 414 сынама тексерілді. Анықталған үнді штамы - 48,3%, яғни барлық облыстар мен Нур-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында да табылды, деп атап өтті құзырлы ведомства.
Мутация және оның "дельта штамға" жататындығын соңғы зерттеу - ДНҚ үлгілерінің толық геномдық секвенциясы аяқталғаннан кейін анықталады.
- "Дельта-штамм" инфекциясының ерекшелігі - инкубациялық кезеңнің 5 күнге дейін қысқарады, ішек ауруларының белгілері басым, ауру тез өршиді, науқастар арасында жастардың көбеюі, балалар және жүкті әйелдер арасындағы ауру ауыр жүреді, - деді министрлік.
Өзіңізді инфекциядан қорғаудың жалғыз жолы - COVID-19 вакциналау курсын аяқтау.
Вирустың таралу қаупін азайту үшін барлық алдын алу шараларын сақтау қажет: маска тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтап, қол гигиенасы, үй-жайларды желдету және т.б. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 2021 жылдың 1 шілдесіндегі жағдайға сүйенсек, әлемнің 96 елінде SARS-CoV-2 "дельта штамы" анықталды.