Жыртық аяқ киімнен шыққан ақша
15-11-2022
Күні кеше аузына ақ ит кіріп, көк ит шыққан педагог әлеуметтік желіні шулатқан болатын. Оның бұл іс-әрекеті видеоға түсіп қалған. Кейіннен белгілі болғандай, былапыт сөзді қарша боратқан әйел - Ордабасы ауданы Бадам ауылындағы Айтбай Шерімқұлов атындағы мектепте тәрбие ісі жөніндегі орынбасар болып жұмыс істейді. Аты-жөні - Ұлжан Елмұратова. 34 жаста.
Бүгін Ұлжан Елмұратова не үшін былапыт сөздер айтқанын түсіндірді.
- Баршаңыздан Алла разылығы үшін кешірім сұраймын!
Теміржолдың жанында 30 машина маған қарай келе жатты. Мен өз жолыммен кетіп бара жатқанда машиналар қыса бастады. Бір кісі терезеден басып шығарып қолымен ерсі қылықтар көрсетіп, ар-намысыма тиетін сөздер айтты. Менің көлігімнің дөңгелегі рельстен шығып кеткен. Көліктен түсіп: "мен не істеп қойдым?" деп олардың артынан бардым. Әлгі ар-намысыма тиген көліктер "мигалка" қойып алып, білгендерін істеп жүр. Жандарына барғандар олар: "сен кімсің? Қай жақтыкысың?" - деп ар-намысыма тағы да тиіп, қол көтерді. Сол кезде мен стреске душар болып, не айтып не қойғанымды білмей қалдым. Көлікте 2 балам бар еді. Егер әлгілер мені қысып рельсте қалдырып кетсе пойыз қағып өліп кетер едік.
Мені қысқан Шымкенттің тұрғыны екен. Екеуміз сол жерде түсінісіп тарадық, - дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасар.
Еске сала кетейік, Ұлжан Елмұратова шаруашылық меңгерушісі, үш айдай бастауыш сыныптарға дене-шынықтырудан үйірмеде жетекшілік еткен. Былтырғы қарашадан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болған.