Медицина саласының жыл үздіктері марапатталды

Oinet.kz 18-06-2021 1408

Бүгін Түркістан облысында Медицина қызметкерлері күніне орай өңірдегі дәрігерлер марапатталды. 

Медицина қызметкерлері күніне арналған жиында облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов:  

«Бүгінде бүкіл ел ұстамдылықты талап ететін күрделі кезеңді бастан кешуде. COVID-19 індетінің таралуы тек денсаулық сақтау жүйесінің ғана емес, елдің экономикалық және адами ресурстарының да беріктігін сынауда. Дейтұрғанымен, біз қиын кезеңдерді еңсердік», - деді.

 photo1624011175.jpegӘкім орынбасары Арман Сәбитов пен облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов бірқатар азаматтарды арнайы марапаттады. 

Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталғандар:

1.Егізбаев Мұқан Кеңесбекұлы - (Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болды. 2020 жылы мамыр айында өмірден өтті.   

2.Пашимов Марат Орымбасарұлы - Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы.

3.Уразниязова Шолпан Бауыржанқызы - Облыстық балалар ауруханасының  кардиолог-дәрігері.

4.Бегманова Алтын Өмірзаққызы - №1 Облыстық перинаталдық орталығының меңгерушісі.

5.Дуйсенбаева Бибігүл Сансызбайқызы - №2 Облыстық перинаталдық орталығының нәрестелердің интенсивті терапия бөлімшесінің меңгерушісі.

6.Рахматуллаева Барно Хабибуллақызы - №3 Облыстық перинаталдық орталығының анестезиолог-реаниматологы.

7.Байгабулов Марат Жандарбекұлы - Облыстық клиникалық ауруханасының офтальмологы.

8.Шнетов Айдар Азимұлы - Облыстық балаларды оңалту орталығының бас дәрігері.

9.Салиева Гүлнар Қадырқызы - Бәйдібек аудандық орталық ауруханасының аға дәрігері.

10.Мүсірәлі Тасполат Арынұлы - Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының патологанатом дәрігері.


photo1624011101.jpeg

photo1624010920.jpeg

Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталғандар:

1.Темиров Асан Темирович- Облыстық балалар ауруханасының гематолог дәрігері.

2.Кудайберген Болыс Кудайбергенұлы - Мақтаарал аудандық «Мырзакент» ауруханасының құрметті ардагері.

3.Омарова Бибіжамал Абенқызы - Арыс аудандық орталық ауруханасының рентгенолог дәрігері.

4.Каримов Ташпулат - Келес аудандық ауруханасының жалпы практика дәрігері.

5.Шоқатай Асан Сайрамбекұлы- «Балықшы» фтизиопульмонологиялық оңалту орталығының құрметті ардагері.


Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталғандар:

1.Батманова Роза Оспанқызы - «Асық ата» Жетісай аудандық ауруханасының жалпы практика дәрігері.

2.Махашева Акмарал Бейсенқызы- №1 Облыстық перинаталдық орталығының бөлімше меңгерушісі.

3.Қалғынбаева Аида Сақымбекқызы - Облыстық клиникалық  аурухананың бөлімше меңгерушісі.

4.Бектаев Еркебай Тәліпбайұлы- Облыстық балалар ауруханасының травматолог ортопед дәрігері.

5.Құралбай Берікбай Құралбайұлы- Облыстық психикалық денсаулық орталығының бөлімше меңгерушісі.

6.Мамеков Асан Юлдашұлы - Кентау орталық қалалық ауруханасының хирург дәрігері.

7.Сәлімбеков Әшім Керімбекұлы - Арыс аудандық орталық ауруханасының стоматолог-дәрігері.

8.Серіпов Байдолла Сейдоллаұлы - Төлеби аудандық ауруханасының бөлімше меңгерушісі.

9.Идрисов Калдыбай Садуахасұлы - Сайрам аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері.


Түркістан облысы көлемінде өткізілген «Жылдың үздік дәрігері» конкурсының жүлдегерлеріне "Жыл үздіктері" номинациялары бұйырғандар:

1.«Үздік хирург» номинациясымен облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігерінің хирургия бойынша орынбасары Аймағамбетов Мақсұт Бақтыбергенұлы марапатталады.  –  Облыс әкімінің атынан соңғы үлгідегі ноутбук табысталады.  

2.«Үздік терапевт» номинациясымен облыстық клиникалық ауруханасының эндокринолог дәрігері  Таштаева Бағила Елеусізқызы  марапатталады. Облыс әкімінің атынан соңғы үлгідегі ноутбук табысталады.    

3.«Үздік акушер-гинеколог»номинациясымен №1 Облыстық перинаталдық орталығының акушер-гинеколог дәрігері Дуйсенов Абдысаттар Куралович марапатталады. Облыс әкімінің атынан соңғы үлгідегі ноутбук табысталады.  

4.«Үздік педиатр» номинациясымен Түлкібас аудандық ауруханасының бас педиатры Есиркепова Бакыт Есеналиевна  марапатталады. Облыс әкімінің атынан соңғы үлгідегі ноутбук табысталады.

5.«Үздік жалпы тәжірибе дәрігері» -Төлеби аудандық ауруханасының жалпы тәжірибелі дәрігері Шаншарова Лола Турсыналиевна марапатталады. Облыс әкімінің атынан соңғы үлгідегі ноутбук табысталады.  

6.«Үздік медициналық мекеме» номинациясымен Түркістан облыстық балалар ауруханасы»  марапатталып бас дәрігері Гаухар Сапартаевна Укбаеваға Облыс әкімінің атынан соңғы үлгідегі SMART түрлі-түсті теледидар сертификаты табысталады. 


Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі»  төсбелгісімен марапатталғандар:

1.Айдарбекова Қалима Керімқызы - Жетісай аудандық орталық ауруханасының терапевт дәрігері.

2.Қалжігітов Мұстапа Мұқашұлы - Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының бөлімше меңгерушісі.

3.Арынбаев Ескендір Абжанұлы - «Асық ата» Жетісай аудандық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі.

4.Тоқтасынов Марат Ратбекұлы - Облыстық патологиялық анатомиялық бюросының патологоанатом дәрігері.

5.Саидов Хавазмат Расулұлы - Облыстық клиникалық  ауруханасының бөлімше меңгерушісі.

6.Курмангалиева Асем Кенесбекқызы- Облыстық клиникалық  ауруханасының гастроэнтеролог дәрігер.

7.Қасымова Татьяна Валерьевна - Облыстық клиникалық  ауруханасының инфекционист дәрігері.

8.Оразбаева Гулнар Тажибайкызы- Облыстық балалар ауруханасының педиатр дәрігері.

9.Комарова Екатерина Юрьевна Облыстық тері- венерология диспансерінің зертхана меңгерушісі.

10.Азизов Дархон Әлімұлы - Кентау орталық қалалық ауруханасының анестезиолог – реаниматолог дәрігері.

11.Сейтханов Мухитдин Әбуұлы – «Жансая» облыстық балалар оңалту орталығының бас дәрігері.

12.Тұрысбеков Сәкен Абдразақұлы - Облыстық балалар ауруханасының бөлімше меңгерушісі.

13.Нарымбетова Нурхан Мадалиқызы - Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары. 

Былапыт сөзді боратқан «завучты» қызметке тағайындаған директор орнынан босатылды
Мектеп «завучы» не үшін былапыт сөздер айтқанын түсіндірді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу