Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Түркістан облысы Сауран ауданында үшем дүниеге келді. Бұл туралы журналист Ерсұлтан Әмірбек Facebook парақшасында хабарлады.
"Бір ауданда бір әйел үшем туса, соны “әкім туғызғандай” әсірелеп, әкімін қоса мақтайтындар табылады. Бірақ, Сауран халқы әлеуметтік желіде ”Сауранның әкімі үшем туғызды” деп шулап жатқан жоқ. Өйткені, өмірге келген сәбиді әкім емес, Алла берді, ата-анасының тілеуі ғой. Сондықтанда, Сауран ауданы Қарашық ауылдық округіндегі Шариповтар отбасында үшем дүниеге келгеніне аудан әкіміне емес, ата-анасына құтты болсын дейміз. Тек, жаңа ашылған Сауран ауданына әкімі Ғани Рысбековтың аяғы құт боп келді десек болатындай! Үшем дүниеге келді. Қуаныштымыз! Айтпақшы,
Шариповтардың шаңырағында үшемнің алдында екі баласы бар. Ал, дүниеге келген үш ұлдың есімін Ахмат, Мухаммад, Махмуд деп қойды. “Қуанышты жаңалыққа құтты болсын айтып, өмірге келген үшемнің бауы берік болсын”-дейді аудан әкімінің баспасөз қызметі. Өсе бер, өне бер-Сауран!" - деп жазды журналист.