«Қазіргі жастар мүлдем басқа» - Асхат Аймағамбетов

Oinet.kz 18-05-2021 1212

Еліміздің білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тікелей эфирде мектеп оқушыларымен сұхбат жүргізгенідігін айтты. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды. 

Асхат Аймағамбетов.jpg

- Сенбі күні тікелей эфирде мектеп оқушыларымен әңгімелестім. Армандары тілші болу екен. Сондықтан олар белсенділік танытып, маған біраз сұрақтар қойды, жақсы сұхбат өткіздік. Балаларды әртүрлі тақырыптар қызықтырды: дәстүрлі оқу форматына оралу, пандемия аяқталғаннан кейін онлайн-оқыту элементтерін пайдалану мүмкіндіктері, қазақ тілін оқытудың жаңа әдістері және ҰБТ-ны электрондық форматта өткізу.  Сондай-ақ, оқушылар менен мектептегі сүйікті пәндерім, кітаптар, спорттық хобби және емтихандарды қалай тапсырғандарымды сұрады. 

Ата-аналар мен мұғалімдерге осындай дарынды балаларды оқытқаны және тәрбиелегені үшін алғыс айтқым келеді. Мен мектеп оқушыларымен тікелей байланысқа шығу мүмкіндігіне де, балалардың сұхбаттағы дайындық деңгейіне де шын жүректен риза болдым. Қазіргі жастар, әрине, мүлдем басқа. 

Олар белсенді, креативті және еркін ойлайды. Қойылған сұрақтардың сапасына, әңгімені жүргізген деңгейлеріне қарап, ұстаздардың дұрыс бағытта жұмыс жасайтынын байқадым.  Сонымен қатар, біз балаларымыздың сапалы білім алуы үшін алдағы уақытта да бар күш-жігерімізді салып, жұмысты жалғастыратын боламыз - деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Тоқаев Пәкістандағы елшіні жаңадан тағайындады
«Семіз ұлым арықтасын» деген бизнесмен футбол клубын сатып алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу